Меймандостық, қонағуарлық, қонақжайлық, қонақжайлылық, қонақшылдық

lat: Meımandostyq, qonaǵýarlyq, qonaqjaılyq, qonaqjaılylyq, qonaqshyldyq.

Қонақтан ештеңесін аямаушылық, барын солардың аузына тосушылық.

Әңгіме осы қонақтарына жасаған мейман достығы, күтуі, тазалығы, тәртібі жайында болса дейміз (А. Тоқмағамбетов).

Өз басым бұл халықтың ақ жарқындылығын, қалтқысыз ақ көңілін, сонымен бірге тынымсыз еңбекқорлығын, қонағуарлығын ұнатамын (С. Сарғасқаев).

Өз елінің қонақжайлығын, сауықшылдығын дәріптеп жататындар да бар (Т. Әлімқұлов).

Өз елінің қонақжайлылығын, сауықшылдығын дәріптеп жатқандар да бар (Т. Әлімқұлов).

Біз оларды құрмет етіп, ортамызға алып, қолдан келген сыйымызды жасап қонақшылдық көрсеттік (С. Бегалин).